Қатынас кодтары
PIN немесе PIN2
коды
(4-8 сан)
Бұл код SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
немесе кейбір мүмкіндіктерді қолдану үшін қажет болады.
Телефонды қосқан кезде PIN кодын сұрайтын етіп орнатуға
болады.
SIM картамен бірге берілмесе немесе кодтарды ұмытсаңыз,
қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.
Егер кодты қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, оны PUK
немесе PUK2 кодын енгізіп ашу қажет болады.
PUK немесе PUK2
коды
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін керек.
Қосымша анықтама табу 127
(8 сан)
Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмеген болса,
провайдермен хабарласыңыз.
IMEI нөмір
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды телефондарды анықтау үшін
қолданылады. Санды, мысалы, ұрланған телефондарды
құлыптау үшін де пайдалануға болады.Сондай-ақ, Nokia
Care қызметтеріне нөмірді беруіңіз қажет болуы мүмкін.
IMEI нөмірін көру үшін *#06# нөмірін теріңіз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(мин. 4 сан немесе
таңба)
Бұл телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға
көмектеседі.
Телефонды өзіңіз анықтаған құлыптау кодын сұрайтын етіп
орнатуға болады.
Кодты құпия және қауіпсіз, телефоннан бөлек жерде
ұстаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанып қалса, телефонды
қызмет көрсету маманына көрсету қажет болады. Қосымша
ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз телефоннан
жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе
телефоныңыз дилерімен байланысыңыз.