Nokia Oro - Телефонды пайдаланып ондағы бағдарламалық құралды және қолданбаларды жаңарту

background image

Телефонды пайдаланып ондағы бағдарламалық құралды және

қолданбаларды жаңарту

Телефонның бағдарламалық құралы және қолданбалары үшін

жаңартулардың бар-жоғын тексеруге және оларды телефонға сымсыз байланыс

арқылы жүктеп алып, орнатуға болады (желі қызметі). Телефонды жаңартуларды

автоматты түрде тексеретін және маңызды не ұсынылатын жаңартулар бар

болғанда хабарлайтын етіп реттеуге болады.

>

Обновл. ПО

белгішесін басыңыз.

Жаңартуды аяқтау үшін, телефонды өшіріп қосу қажет болуы мүмкін.

Жаңарту мәліметтерін көру
Жаңартуды таңдап тұрыңыз.

Барлық жаңартуларды орнату

белгішесін басыңыз.

Орнатылатын жаңартуларды таңдау

>

Отметить обновления

тармағын, содан кейін орнатылатын жаңартуларды

таңдаңыз. Әдепкі параметр бойынша барлық жаңартулар таңдалады.

Телефонды жаңартуларды автоматты түрде тексеретін етіп реттеу

>

Параметры

>

Автопроверка обновлений

тармағын таңдаңыз.

Телефонды басқару 107