Nokia Oro - Телефонды желіден тыс пайдалану

background image

Телефонды желіден тыс пайдалану
Қоңырау шалу немесе қабыдлауды қаламаған жерлерде, желіден тыс профилін

іске қосып, күнтізбеге, контактілер тізіміне және желіден тыс ойындарға қол

жеткізуге болады. Қалта телефонын қолдануға тыйым салынғанда немесе оны

қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда, телефонды өшіріңіз.

Қуат пернесін басып тұрып,

Автономный

пәрменін таңдаңыз.

Желіден тыс профилі іске қосылғанда, ұялы желімен байланыс тоқтатылады.

Телефон мен ұялы желі арасындағы барлық радио жиілік сигналдары

тоқтатылады. Хабарды жіберуге әрекет жасасаңыз, олар «Шығыс» қалтасына

орналастырылады және басқа профиль іске қосылғанда жіберіледі.

Сондай-ақ, телефонды SIM картасынсыз пайдалануға болады. Телефонды

өшіріп, SIM картасын шығарып алыңыз. Құрылғыны қайтадан қосқанда, желіден

тыс режимі іске қосылады.

Маңызды: Желіден тыс ешбір қоңырауды қабылдай алмайсыз не шала

алмайсыз болмаса ұялы желі аясын қажет ететін мүмкіндіктерді пайдалана

алмайсыз. Құрылғыда бағдарламаланған ресми төтенше жағдай қызметі нөміріне

қоңырау шалуға болады. Қоңыраулар шалу үшін, алдымен басқа бір режимге

ауысуыңыз керек.

Желіден тыс профилі іске қосылғанда, мысалы, электрондық поштаны оқу үшін

немесе интернетті шолу үшін әлі де WLAN байланысын пайдалануға болады.

Сондай-ақ, Bluetooth байланысын пайдалануға болады.

NFC қызметі қосылған жағдайда, ол да желіден тыс профилінде іске қосылады.

NFC байланысын өшіру үшін, >

Параметры

және

Связь

>

NFC

>

NFC

>

Отключено

опцияларын таңдаңыз.

Тиісті қауіпсіздік талаптарын қадағалауды ұмытпаңыз.