Виртуалды пернетақтаны пайдалану
Виртуалды пернетақтаны іске қосу үшін, мәтін енгізу жолын таңдаңыз. Экрандық
пернетақтаны кітаптық режимде де, альбомдық режимде де пайдалануға болады.
Виртуалды пернетақта портреттік режимде барлық тілдерде болмауы мүмкін.
1 Виртуалды пернетақта
2 Жабу пернесі - виртуалды пернетақтаны жабады.
3 «Shift» және «caps lock» пернелері - кіші әріптермен жазу кезінде үлкен әріпті
немесе керісінше енгізу үшін, таңбаны енгізбес бұрын осы пернені басыңыз.
Үлкен әріппен енгізуді бекіту режимін іске қосу үшін, осы пернені екі рет
басыңыз
4 Таңба ауқымы - сандар немесе арнайы таңбалар тәрізді керекті таңба
ауқымын таңдайды.
5 Көрсеткі пернелері - жүгіргіні солға немесе оңға жылжытады.
6 Босы орын пернесі - бос орын қалдырады.
7 Енгізу мәзірі - болжалды мәтін теру режимін іске қосады немесе жазу тілін
өзгертеді.
8 Енгізу пернесі - жүгіргіні келесі қатарға немесе мәтінді енгізу өрісіне
жылжытады. Қосымша функциялар ағымдағы контекстке негізделеді.
Мысалы, веб-шолғыштың веб мекенжай өрісінде ол өту белгішесінің қызметін
атқарады.
9 Қайту пернесі - таңбаны жояды.
Негізгі қолданыс
23
Виртуалды пернетақта мен кітаптық режимдегі пернетақтаны ауыстырып қосу
>
Алфав.-цифровая клав.
немесе
Клавиатура QWERTY
тармағын таңдаңыз.
Таңбаға екпін қосу
Таңбаны таңдап тұрыңыз.