FM таратқышы туралы ақпарат
>
По радио
опциясын таңдаңыз.
Телефонда сақталған әндерді көліктегі радио немесе үйдегі стерео жүйесі сияқты
кез келген үйлесімді FM радиосы арқылы ойнатуға болады.
FM таратқышының жұмыс істейтін ара қашықтығы шамамен 2 метрді (6 футты)
құрайды. Қабырғалар, басқа электрондық құрылғылар немесе қоғамдық радио
арналар сияқты кедергілер таратуға кедергі жасауы мүмкін. FM таратқышының
жұмыс істейтін жиілігі аймаққа қарай әр түрлі болуы мүмкін.
FM таратқышы бір жиілікте жұмыс істеп жатқан жақын аймақтағы FM радиоларына
кедергі келтіруі мүмкін. Кедергілердің болмауы үшін, FM таратқышын қоспас
бұрын қабылдағыш радиода бос FM жиілігін іздеңіз.
FM таратқышын телефоныңыздағы FM радиосымен бір уақытта пайдалану мүмкін
емес.