Nokia Oro - NFC стандартын қолдайтын басқа Nokia телефонына суретті немесе басқа мазмұнды жіберу

background image

NFC стандартын қолдайтын басқа Nokia телефонына суретті немесе басқа

мазмұнды жіберу
NFC стандартын қолдайтын басқа Nokia телефонын түртіп, суреттеріңізді,

бейнелеріңізді, контактілеріңізді және Менің картам элементіндегі мәліметтерді

бөлісуге болады.

Суретті бөлісу

1 Галерея ішінен суретті таңдаңыз.
2 Басқа телефондағы NFC аймағын өз телефоныңыздың NFC аймағымен

түртіңіз. Сурет Bluetooth арқылы жіберіледі.

NFC аймағының орналасуы өзгеше болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты басқа

телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.